Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің солтүстік аумағында күн суытып, батыс өңірлерде жаңбыр жауады

Фото: pikabu.ru

Синоптиктер 5-7 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

«Қазгиромет» РМК мәліметінше, еліміздің солтүстік аумағында күн суытып, батыс өңірлерде жаңбыр жауады.

«Елдің солтүстік аймақтарында оңтүстік аймақтарынан қарағанда әлі де көктемгі ауа райы орнай қоймайды. Бұл оңтүстік аймақтарға Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массалары мен солтүстік аймақтарына келетін суық ауа массаларына байланысты болып отыр», - делінген хабарламада.

Осылайша, солтүстік-батыс антициклоны түнгі температураның төмендеуіне әсер етеді. Ал осы екі ауа ағынының әсерінен батыс өңірлерде жаңбыр (кей жерлерде қатты нөсер) жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады, сондай-ақ жел екпіні күшейеді.