Сондай-ақ 26 адам КВИ-ден емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 6 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 2
Алматы қаласы - 1
Маңғыстау облысы - 3.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 557 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 26 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 1
Алматы қаласы - 1
Шымкент қаласы - 16
Шығыс Қазақстан облысы - 1
Жамбыл облысы - 6
Қарағанды облысы - 1.
Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 291 127 адамға жетті.