ШҚО дүкендерінде 500-ден астам баға көтеру дерегі анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңбұзушылық қайта анықталған жағдайда, әкімшілік жаза сомасы 75 АЕК-ке жетеді

Фото: zhaikpress.kz

Шығыс Қазақстан облысында арнайы құрылған мобильді топтар 20 мыңнан астам сауда нүктесін тексеріп, 504 заңбұзушылықты анықтады. Бұл туралы өңір әкімі Даниал Ахметовтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру мәселесі бойынша қала және аудан әкімдерімен өткізген кеңесі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл – бағаны жасанды көтеру және рұқсат етілген сауда үстемесін елемеу фактілері. Аудандарда мұндай жұмыс ірі қалаларға қарағанда әлдеқайда жақсы жүргізілетінін атап өту керек», - деді Даниал Ахметов.

Өңір басшысы мониторингтік топтардың қызметі: азаматтардың жүгінуі – тексеру-ескерту – бірінші рет –10 АЕК айыппұл алгоритмі бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті.

Егер бұзушылық қайта анықталған жағдайда, әкімшілік жаза сомасы 75 АЕК-ке жетеді.