Мәжіліс қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан жаңа депутат қосылды
Жаңа депутат Зәкіржан Күзиев парламенттік ант берді
Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлау нәтижесі бойынша Зәкіржан Күзиев Орталық сайлау коммиссиясының қатысуымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркеліп, төменгі палатаның қатарына қосылды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында айтылды.
Осылайша жаңа депутат Мәжіліс қабырғасында парламенттік ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін ығайтуға, оның конституциясы мен заңдарына қатаң бағынауға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Мәжілістің жаңа депутаты.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов әріптесін депутаттық корпустың атынан құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкіржан Күзиев Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайланды.