$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ауруханада зиянкестер өріп жүр»: Алматы облысы тұрғындары шағымын жеткізді

Дәрігерлердің айтуынша, жиі дезинфекция жүргізіледі

«Ауруханада зиянкестер өріп жүр»: Алматы облысы тұрғындары шағымын жеткізді
Фото ашық дереккөзден

«Едені көгеріп, қабырғасы құлағалы тұр». Алматы облысы Өтеген батыр кентіндегі Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына қатысты белгісіз азамат осылай деп телеарнамызға жасырын шағым жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.

Бұл – Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының жертөлесі. Желідегі жұрт зиянкестер өріп жүр деп бірнеше рет шағым айтқан ауруханының қабырғасы көгеріп, төбесі құлағалы тұр.

«Жертөлеге түссеңіз жағымсыз иіс бар. Бұл жерде жұмыс істейтін адамдарға, баланы айтпағанда ересек адамның денсаулығына зиян», – деді  Балтабай ауылының тұрғыны Саниям Шамшидинова.

«Қап-қараңғы дәліз, аурухана емес түсініксіз жерге кіргендей сезінесің. Балаға ешқандай жағдай жасалмаған», – деді Жаңа қуат ауылының тұрғыны Гүлназ Бердібаева.

Ауыл азаматтарының арызын арқалап аталған аурухананың басшылығына бардық. Алайда медициналық мекеменің күзеті ішке кіруге рұхсат бермеді. Әкімшілігі алыстан бақылап, бас дәрігері бой көрсетпеді. Сәлден кейін аурухана қызметкері карантин талаптарына сай кіргізе алмайтынын алға тарты. Алайда алдын-ала түсіріп алған жертөледегі бейнені көргеннен кейін ғана өзі аралатып шығуға келісті. Бірақ біз бас сұққан бөлмелерге жолатпады.

«Азаматтардың шағым айтуға құқығы бар. Біз келісімшартқа отырған компания жиі дезинфекция жұмыстарын жүргізіп отырады. Тарақан жоқ. Ал жертөле жағдайына қатысты айтарым аурухана сазды жерде орналасқан», – деді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы инфекциялық бақылау бөлімінің медбикесі Қалқажан Әмірова.

Дәрігерлер қабырғасы көгеріп, едені езіліп жатқан аурухана жөртөлесін жөнделеді деп ақталды.

 

Серіктес жаңалықтары