Ел үкіметі криптоиндустрияға мемлекетке пайда әкелетін сала ретінде қарағаны жөн – М. Жәкішев

Автор: Azattyq Rýhy

Мұхтар Жәкішев ашық жұмыс істейтін жаңа ұлттық компания құруды ұсынды

Фото ашық дереккөзден

«Қазатомөнеркәсіп» ұлтттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев ел үкіметін криптоиндустрияға мемлекетке айтарлықтай пайда әкелетін сала ретінде қарауға шақырды.  Бұл туралы ол Вадим Борейкоға берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Halyq uni.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан заңнамасы майнинг компаниялары мемлекет қазынасына кіріс түсіретіндей етіп жасалмаған.

«Қоғамда биткоин – жаман, ал майнерлер электр энергиясын шығындап, қоғамға еш пайда бермейді деген пікір қалыптасқан. Маған да «Неге олар қоғамға ештеңе бермейді?» деген ой келді. Криптовалюта туралы заңды қарастырсаңыз, күлкілі нәрсеге тап боласыз, криптовалюта заңы бойынша біз шетелдік компанияларға биткоин өндіру бойынша қызмет көрсетеміз, бірақ біз биткоин туралы ештеңе айтпаймыз. Олар үшін майнинг хобби емес, биткоин өндіріп шығады. Неге экспорттан табыс түспейді? Мені осындай ой мазалайды», – деді Мұхтар Жәкішев.

Майнинг өнімін шығару үшін транспорт қажет емес. Ал, интернет-трафикке келер болсақ, Қазақстан Ресейдегі жағдайға байланысты проблемалар туындаған жағдайда трафикті Әзербайжан, Түркия және Еуропа арқылы талшықты-оптикалық кабельдер жүргізе алады.

«Талшықты-оптикалық кабель жүргізу - мұнай құбыры мен теміржол салудан әлдеқайда оңай. Екіншіден, бұл бізге крест болуға мүмкіндік береді. Біз көп трафик тарта аламыз. Егер трафик көп болса, транзиттен табыс таба аламыз. Үшіншіден, халық үшін интернет бағасы төмендейді», - дейді «Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысы.

Қазақстан «сұр майнерлерден» тәркіленген жабдықтарды криптовалюта өндірісіне жұмсай алады. Сарапшының есебі бойынша, тәркіленген машиналардың өзі 600 млн доллар экспорттық кіріс әкеледі. Бұл ретте Мұхтар Жәкішев ашық жұмыс істейтін жаңа ұлттық компания құруды ұсынды. Себебі, блокчейн технологиясы жемқорлық схемаларына жол бермейді.