Елордада автобус жүргізгендер автопаркке қайта жұмысқа орналаса алмай жүр
Шағымданушыларды жұмысқа алмаудың да өзіндік себептері бар көрінеді

Елордада автобус жүргізгендер автопаркке қайта жұмысқа орналаса алмай жүр. Олар жұмысқа алмаудың себебін біле алар емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.
Елордалық Тілеухан Дүйсенбаев қоғамдық көлік жүргізуден тәжірбиесі бар маман. Отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Кейін қайтып оралғысы келгенімен, №1 автопарк жұмысқа қабылдамай отырғанын айтты.
Нұрхат Жаңабаев та бұл автопаркте автобус жүргізушісі болып 15 жыл табан аудармай жұмыс істеген. Бірақ денсаулығына байланысты жұмыстан шығуыма мәжбүр болдым дейді. Күнкөрістің қамымен қайтып келгісі бар. Алайда жұмысқа алмай отырған көрінеді.
Жұмысқа неге қабылдамай жатқанын білгісі келгендер мұнымен бітпейді. Ал автопарктегілердің айтуынша, шағымданушылардың да жұмысқа алмаудың өзіндік себептері бар дейді.
« Аты аталған азаматтар бір емес, бірнеше құқықбұзушылық жасаған. Олар өз еркімен жұмыстан босатылды. Атап айтқанда, жол үстінде құлаққап тағу, жолаушылармен сөзге келісу сынды ережелер бұзылған. Сондай-ақ, жұмысқа шықпай қалу фактілері де болған. Жол апатын жасаған азаматтар да бар, сондықтан оларды біздің комиссия жұмысқа қабылдамады», - деді автобус паркіндегілер.
Бұған дейін, жауапты маман иелері кадр жетіспеушілігі туралы айтып дабыл қаққан болатын. Бірақ тәжірибе болса да, жұмыс жоқ. Ал, халықты әлеуметтік қорғау министрілігі еңбек инспекциясына шағым қалдыруға кеңес береді.