Түркістан облысында КСРО паспортымен жүрген 64 жастағы тұрғын жаңа құжат алды
Азаматтың осы күнге дейін құжат ауыстырмай жүргеніне материалдық жағдайы себеп болған
Түркістан облысында КСРО паспортымен жүрген 64 жастағы тұрғын жаңа құжат алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлердің жұмысы халықпен тығыз байланысты. Олар тек қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етіп қана қоймай, халықты құжаттандыру ісінде де жоғары деңгейде жұмыс жасап келеді. Мәселен, Келес ауданы көші-қон қызметі тобының полицейі Сәкен Сәрсенбаев елдің ыстық ықыласына бөленді.
Ол Шұқырсай ауылында тұратын 64 жастағы Әлібек Шайғараевқа көмек көрсетті. Яғни, тұрғын материалдық жағдайы болмағандықтан, Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алмай, бұрынғы Кеңес одағының қызыл паспортымен жүрген. Рейдтік профилактикалық жұмыс жүргізу барысында С. Сәрсенов тұрғынның жағдайын білді. Содан құжат даярлауға қажетті шараларды атқарып, тез арада жеке куәлігін рәсімдеп берді. ҚР-ның жеке куәлігін алғанына қуанған ауыл тұрғыны шынайы көмек көрсеткен полицей Сәкен Сәрсенбаевқа алғысын білдірді.
«Материалдық жағдайға байланысты құжат тапсыруға мүмкіндігім болмаған еді. Тәртіп сақшыларының қызметке адал екендігін көрдім. Осы тұрғыда маған көмек көрсеткен полицейлерге рақмет. Отбасыларыңыз аман, жұмыстарыңыз табысты болсын», – деді ауыл тұрғыны.