Қызылордалық полицейлер Асанәлі Әшімовтің көлігіне қатысты мән-жайды түсіндірді

Azattyq Rýhy

Ескерту жасалғаннан кейін автокөлікке сол жерде тиісті мемлекеттік нөмірі тағылды

Қызылордалық полицейлер Асанәлі Әшімовтің көлігіне қатысты мән-жайды түсіндірді
Бейнеден кадр

Қызылордалық полицейлер әлеуметтік желіде талқыға түскен актер Асанәлі Әшімовтің көлігіне қатысты мән-жайды түсіндірді. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда облысының полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу белгісі стандартқа сәйкес болмағандықтан «Cadillac» автокөлігін тоқтатқан. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Тоқтату барысында кеңестік және қазақстандық кино, театр актері, режиссер Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына байланысты деректі фильм түсіріліп жатқаны белгілі болды. Ескерту жасалғаннан кейін автокөлікке сол жерде тиісті мемлекеттік нөмірі тағылды», - деп мәлім етті департаменттен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.