Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 мамыр
№ 885», - делінген Ақорда хабарламасында.