Мектеп дәретханасында оқушыны зорлаған педофил 25 жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар оған кастрация жасалатын болды

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Тараздағы мектеп дәретханасында 12 жастағы қызды зорлаған адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сот шешімімен 38 жастағы ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған химиялық кастрация жасалатын болды. Сондай-ақ сот жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу жазасын тағайындады.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың қараша айында Тараздағы мектептердің біріндегі дәретханада 7-сынып оқушысы зорланған еді. Оқиғаға байланысты мектеп директоры, білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылған болатын.