Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтауда патрульдік көлік жүргізушісі жол апатына ұшырады. Бір адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"30 сәуірде түнгі сағат 02.30-да Ақтаудағы 5, 6, 7 және 8-ші шағынаудандардың қиылысында патрульдік автомобиль мен Hyundai Accent маркалы автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департаменттен.
Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автотехникалық сараптама тағайындалды.