Айыптының автокөлігін тінту кезінде алты патроны бар РС-31 револьвері табылды
Алматы және Талдықорған қаласында жанармай бекетін тонаған такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция Алматы облысының екі қаласындағы жанармай бекеттеріне қарулы шабуыл жасаған талдықорғандық 27 жастағы такси жүргізушісін ұстады.
«Республикалық тасжолдың бірінде жедел уәкілдер жеңсіз кеудеше, көзге арналған ойықтары бар тоқылған бас киім мен ұрланған қол сөмкені тапты. Күдікті 27 жастағы талдықорғандық болып шықты. Ол жалға «Toyota Camry» автокөлігін алып, такси қызметімен айналысқан», - деді Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Сондай-ақ, ресми хабарламада айыптының автокөлігін тінту кезінде алты патроны бар РС-31 револьвері табылғаны айтылған.
«Ол қаруды екі қылмыс жасау кезінде де қолданған. Қару тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді», - дейді ведомстводан.