Үй аламын деген өскемендік алаяққа алданып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Үй аламын деген өскемендік алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының соңында Өскемен қалалық ПБ Солжағалау ПБ “102” жедел арнасына 38 жастағы әйел жүгініп, 2021 жылдың қараша айының ортасында бейтаныс әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алу үшін ипотеканы ресімдеуге көмектемесін деп оның 500 мың теңгесін иемденіп алғанын хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірге күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол 34 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қаскөй кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.