$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 47 көлік өртенді

Оның 40-ы жеңіл көлік, 7-еуі жүк көлігі

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 47 көлік өртенді
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 47 автокөлік өртенді. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңір бойынша 47 көлік отқа оранған. Оның 40-ы жеңіл көлік, 7-і жүк көлігі.

«Мәселен, Өскеменде 29 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы аялдамада тұрған 2005 жылғы «Hyundai Tucson» маркалы автокөлік жанған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Жалпы ауданы 1,5 шаршы метрді құраған қызыл жалын қозғалтқыш бөлігінде шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар көлік өртенуінің негізгі себептерін атады. Олар көлік механизмінің, жабдықтарының ақаулығы, электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы.


 

 

 

Серіктес жаңалықтары