Ал бір тәулікте 11 адам індеттен айығып шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 12 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Алматы қаласында - 5, Маңғыстау облысында - 1 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны осымен 1305533 адам болды.
Сондай-ақ, Қазақстанда өткен тәулікте 11 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Алматы облысында - 3, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам сырқатынан айыққан.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны осымен 1291066 адам болды.