Доллардың мереке күндеріне арналған ресми бағамы белгіленді

Автор: Azattyq Rýhy
фото: 24.kz

Доллардың 30 сәуір мен 1-3 мамырға арналған ресми бағамы белгіленді, деп хабарлайды туралы Azattyq Rýhy.

Мереке күндері доллар бағамы 446,38 теңге көлемінде белгіленді.

Ал рубльдің ресми бағамы 6,36 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды орташа сатып алу — 446,17 теңге, сату — 450,23 теңге. Нұр-Сұлтанда доллар 444,63 теңгеге сатып алынып, 448,23 теңгеге сатылуда.