Қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып, шетелге қашқан жігіт ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

19 жастағы жігіт былтыр Германияға кетіп қалғаны белгілі болды  

фото: Polisia.kz

Іздеуде болған Қазақстан азаматы Германияда ұсталды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ медиа орталығына сілтеме жасап.

Павлодар облысының полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполдың Ұлттық Орталық бюросымен бірлесіп Германия Республикасының Нюрнберг қаласында Павлодар облысының 19 жастағы тұрғынын анықтады. Жас жігіт 2021 жылдың қыркүйек айында Екібастұз қаласында тонау жасап, өз әрекеттері үшін жауап бергісі келмей, Германияға кетіп қалған.

«Тағы бір жағдайда – Павлодар қаласында Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ іздестіріліп жатқан 58 жастағы қылмыскер ұсталды. Ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта іздестіру бастамашысына хабарланды,- деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі».