Отандастар қорының басшысы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қор ұжымына жаңа басшыны таныстырды

фото: ҚР СІМ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Отандастар қоры» КЕАҚ ұжымына жаңа басшысын таныстырды. Министрдің бұйрығымен Абзал Сапарбекұлы осы ұйымның президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

А. Сапарбекұлы бұған дейін Қазақстанның Түркиядағы Елшісі болған. 2000 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылымында жұмыс істейді, сондай-ақ түркітілдес елдердің ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қазақстандық ұлттық компанияларда жұмыс тәжірибесі бар.

Министр М.Тілеуберді Қор басшылығы мен ұжымы алдында ұйым қызметінің негізгі міндеттері мен мақсаттарын, атап айтқанда шетелдік және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз етуді белгіледі.

«Біз қандастарымызға жан-жақты көмек пен қолдау көрсету, шетелдегі қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін белсенді жұмыс істеуіміз қажет», - деді СІМ басшысы.