Республикалық спорт колледжі Академиялық жаттығу орталығы болып қайта құрылады

Автор: Azattyq Rýhy

Жүлделі орын алмаған дарынды спортшылар спорттық мансабын ерте аяқтауға мәжбүр 

ortcom.kz

ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев спорттық дайындық жүйесі туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Орталық комуникациялар  қызметіне сілтеме жасап.

Самат Ерғалиевтың айтуынша, елімізде спорттық дайындықтың қолданыстағы тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген спорттық мектеп-интернаттар мен колледждерінің түлектері халықаралық және республикалық жарыстардың қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші номерлер штаттық құрама сапына кіріп, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ие болады. Ал жүлделі орындарға ие бола алмаған, бірақ дарынды спортшылар осы тұста спорттық мансабын аяқтауға мәжбүр болады. Осы жағдайды ескере отыра, Академиялық жаттығу орталығын ашу туралы шешім қабылданған.

«Дарынды спортшылар осы Академияның базасында өздерінің спорттық мансабын жалғастыру мүмкіндігіне ие болады. Академияда бұл спортшылар жыл бойы тұрып, жетекші спорт мамандарының қолдауымен оқу-жаттығу процесін жалғастырады. Осылайша олар штаттық құрамадағы спортшыларға бәсекелес бола алады», - деді спикер.

Спортта жетекші орындарды иеленетін барлық елдерде осындай орталықтар бар. Бұл әдіс ең жақсы спорттық нысандарды пайдалануға мүмкіндік береді, тәжірибе алмасуға, жаттықтырушылар, дәрігерлер мен ғалымдардың жұмысын үйлестіруге, команда мен жеке спортшының жаттығуларын басқаруға көмектеседі.

«Әр ұйымның өз орны, соған сәйкес оның спортты дамытуға қосатын үлесі болатын вертикалды құрып жатқанымызды атап өткім келеді. Академия бастапқы кезеңде басым спорт түрлерінің 7 бойынша жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ, жаттығу орталығының аумағында модульдік спорт кешенін салу жоспарланған. Бұл ретте, Алматыда жас спортшыларды дайындауға бірдей жағдай жасалған 2 республикалық және 1 қалалық мектеп-интернат-колледж барын ескердік. Аталған ұйымдарға балаларды орналастыру жоспары дайын», - деді комитет төрағасы.