$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлық жобасы Президент қарауына енгізілді

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлық жобасы Президент қарауына енгізілді
Фото: ашық дереккөзден

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы Жарлықтың жобасы Президент Қ. К. Тоқаевтың қарауына енгізілді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылды.

Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдаулар өтті.

Сонымен қатар Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңа облыстарға атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты", - делінген хабарламада. 

Ауылдық елді мекендерде жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді.

ҚР Президентінің бастамасы жаңадан құрылатын өңірлердің тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары айқындалды.

Үкімет қаулысымен ҚР Президентінің қарауына тиісті Жарлықтың жобасы енгізілді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру жөнінде тапсырма берген болатын.

Серіктес жаңалықтары