Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады

 
Фото: novostipmr.com

Синоптиктер 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек еліміздің батыс жартысында, қиыр солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. ҚР бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батыста, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, күндіз облыс орталығында шаңды дауыл соғады.

Алматы облысының солтүстік-шығысында жел күші 17-22, екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.