$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-тың ірі компаниясы Павлодардың картобын экспорттауға дайын

Өңірде жылына 600 мың тонна азық-түлік картобы өндіріледі

АҚШ-тың ірі компаниясы Павлодардың картобын экспорттауға дайын
фото: www.gov.kz

АҚШ-тағы ең ірі азық-түлік трейдері павлодарлық картопты алыс шетел нарықтарына жеткізуге ниетті. Бұл туралы аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың «Champion Foods» компаниясының вице-президенті Джонатан Бурингпен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңір басшысы инвесторға еліміздегі картоптың үштен бірі Павлодар облысында өсірілетінін айтты.

«Павлодарлық картоп - тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал бренд, - деді облыс әкімі. - Біздің облыс жыл сайын 600 мың тоннаға жуық азық-түлік картобын өндіреді, бұл өңір қажеттілігінен жеті есе артық. Біз картопты сапалы сақтау үшін барлық жағдайды жасаймыз. Барлық картоп қоймаларының қуаты төрт жүз мың тоннадан асады. Облыста 4 тұқым өсіру шаруашылығының болуы жоғары сапаны қамтамасыз етеді. Басты басымдықтардың бірі өндірілетін өнімді қайта өңдеу болып табылады».

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясының АҚШ-тағы өкілі Ғалымжан Матаев «Champion Foods» компаниясының Луизиана, Техас қалаларында, АҚШ-тың портты қалаларында, сондай-ақ Қытайда, Үндістанда және Парсы шығанағы елдерінде азық-түліктердің алдыңғы қатарлы жеткізушісі болып табылатынын хабарлады.

«Қазіргі уақытта компанияның тапсырыс қоржыны 2 миллиард доллардан асады,-деді Ғалымжан Матаев. - Осы компаниямен байланыс орнатудың негізгі мақсаты - Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері мен картопты қайта өңдеуді және жүйелі экспорттауды ұйымдастыруға дайын болды».

Америкалық компания Қазақстаннан алыс шетел нарықтарына логистикалық бағдарлар орнатуға мүдделі. Джонатан Бурингтің айтуынша, қазір әлемдік азық-түлік нарығының қарқынды дамуы жүріп жатыр.

«Біз павлодарлық картоптың климаттық жағдайлары мен сапалық параметрлерінің біздің кейбір штаттармен ұқсастығын атап өттік, - деді Джонатан Буринг. - Осыған байланысты Павлодар облысының өнімдерін шет елдерге саудасы мен маркетингін жолға қоюға дайынбыз».

Серіктес жаңалықтары