«Заң бойынша солай, ал өмірде қалай?»: Мәжілісте ауылдағы мүгедектігі бар балаларға қатысты мәселе көтерілді

Ауылдағы мүгедектігі бар отбасыға жағдайдың бәрі заңмен жасалған дейді вице-министр

Фото: inform.kz

Мәжілістің кезекті отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сакеев ауылдағы мүгедектігі бар балаларға толық жағдай жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ауылда тұратын мүгедектігі бар балалар немесе азаматтарға көмек көрсету мәселесі жергілікті денсаулық сақтау мекемесі арқылы жүргізіледі. Дәрігер сол отбасыға барып, көмек көрсетуі тиіс. Азық-түлікпен қамтамасыз ету, жеткізу жолдары заңмен қарастырылған. Қандай да бір шешілмеген мәселе болса, жергілікті атқарушы органдармен бірге қарауға дайынбыз. Ауылдағы мүгедектігі бар отбасыға жағдайдың бәрі заңмен жасалған. Жәрдемақыны уақытында алып отыр», - дейді вице-министр.

Осы мәселеге қатысты Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов:

«Заң бойынша солай, ал өмірде қалай? Депутат соны сұрап отыр», - деп вице-министрге сауалға толық жауап беру керектігін айтты. 

«Өмірде әрине, қиындықтар бар. Кей жерде оның бәрі салғырттықпен дұрыс нақтыланбауы мүмкін. Бірақ ондай жағдай болдырмас үшін шағым, арыздарды жеке қараймыз», - деді Руслан Сакеев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.