Сондай-ақ өткен тәулікте 21 адам коронавирустан емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 16 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 5
Алматы қаласы - 7
Алматы облысы - 1
Шығыс Қазақстан облысы - 1
Қостанай облысы - 1
Қызылорда облысы - 1.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 489 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 21 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 3
Алматы қаласы - 11
Шығыс Қазақстан облысы - 3
Қарағанды облысы - 1
Павлодар облысы - 2.
Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 291 030 адамға жетті.