Оның ішінде мұнайлы өлке - Маңғыстау да бар
2021 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халықтың үлесі 2021 жылы 5,2% құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылы – 5,3% шамасында болған.
«2021 жылы өңірлер бөлінісінде кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан (9,8%), Маңғыстау (8,6%) Ақмола (6,4%) облыстарында, ең аз үлесі - Нұр-Сұлтан (2,2%) қаласында тіркелді», делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Қала мен ауыл тұрғындары табысында да айырмашылық бар. Мәселен, қалалық жердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 3,8%, ал ауылдық жерде 7,2%.