ІІ Елизавета Brexit туралы заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Brexit 31 қаңтарда жүзеге асырылады

Фото: bbc.com

Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизавета парламент қабылдаған Еуропалық одақтан шығу туралы заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес Brexit 31 қаңтарда жүзеге асырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

«Кеше Қауымдар палатасы мен Лордтар палатасы Brexit туралы заңды толық мақұлдады. Бүгін Патшайым заңға қол қойды. Заң күшіне енді. Құжат 31 қаңтарда біздің ЕО-дан шығатынымызды растайды», - деді Британ үкіметінің ЕО-дан шығу ісі жөніндегі министрі Стивен Баркли.

Айта кету керек, былтыр желтоқсан айында премьер-министр Борис Джонсонның парламент мақұлдаған жоспарына сәйкес, Британия 31 қаңтарда Еуроодақтан ресми түрде шығады.