Бүгін AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезі өтіп жатыр
«Жаңа Қазақстан құруда елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек». AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте, партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.