Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін Бөрлі ауданының әкімі болып еңбек етті

Фото: instagram.com/uralskakimat

ҚР Президент Әкімшілігінің және қалалық маслихат келісімімен Орал қаласының әкімі лауазымына Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары:

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім басшысы және басшы орынбасары;
- БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы;
- БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;
- БҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Бүгінгі күнге дейін Бөрлі ауданының әкімі болып еңбек етті.