Қызылордада көпірден секірген жасөспірім қыз құтқарылды

Azattyq Rýhy

Куәгерлер құтқарып, жедел жәрдемге тапсырған

Фото: taldykorgan-online.kz

Қызылорда қаласында Сырдария өзеніндегі көпірден суға секірген жасөспірім қыз құтқарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 25 сәуірде сағат 18.00 шамасында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ғ.Мұратбаев көшесі бойындағы Сырдария өзені үстінен сол жағалауға өтетін көпірдің үстінен жасөспірім қыздың суға секіріп кеткені жөнінде хабардама түсті.

«Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техникамен жетті. Құтқарушылар 2008 жылғы жасөспірім қызды сол жерде байқаған адамдардың жағаға шығарғанын анықтады. Одан кейін жасөспірім қызды зембілге салып, жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды», - деп жазылған департамент таратқан хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.