ТЖМ басшысы өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы баяндады
Жыл басынан бері елімізде 42 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жыл сайын елімізде сегіз жүзге жуық орман және дала өрті тіркеледі. Өткен жылы еліміздің орман қорында 751 өрт болды. Соның салдарынан 167 мың гектар орман алқабы жойылды.
"Өрттің жоғары қауптілігі биыл да сақталуда. Жыл басынан бері бізде 42 орман өрті тіркелді. Оның жалпы аумағы 668 гектарды құрады. Мамыр айының соңына дейін ТЖМ өрт инспекциясы ұлттық парктерді, Экология министрлігіне бағынысты табиғи қорықтарды тексеру жұмыстарын аяқтайды. Сонымен қатар ормандардағы және даладағы тұтану ошақтарын дер кезінде анықтау үшін тұрақты авиациялық патрульдеу жұмыстары да басталды", – делінген хабарламада.
Дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасвз ету үшін де осындай жұмыстар жүргізілуде. Соңғы 5 жылда еліміздің дала алқаптарында бес жүзден астам өрт және 23 мың жану тіркелді. От 1,5 млн. астам гектар алаңды шарпыды.
Соңғы 3 жылда дала өрттерінің 298-і саяжай алқаптарына таралуы тіркелді. Табиғи өрттердің себептерін талдау көрсеткендей, жанудың тек 43%-ы табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған, ал 57%-ы адами фактордың салдарынан болған.
Бүгінгі күні республика аумағында өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде 4 194 ерікті өртке қарсы құрылым құрылды, ондағы жеке құрамының саны 40 мыңнан асады. 2021 жылы еріктілер мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын тартпай дала өрттерінің 25%-ын өз бетінше жойды.