$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Илон Маск Twitter желісін 44 млрд долларға сатып алды

Бұған дейін Илон Маск пен аталған компания өкілдері кездескен болатын

Илон Маск Twitter желісін 44 млрд долларға сатып алды
Фото: ferra.ru

Илон Маск Twitter желісін 44 миллиард долларға сатып алатын болды. Компанияның директорлар кеңесі оның ұсынысын қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Осыдан екі апта бұрын Twitter иелеріне компанияны сатуды ұсынған Илон Маск аталған әлеуметтік желінің өзі іске асыра алатын үлкен потенциалы бар екенін айтты.

Сәуір айында Маск Twitter акцияларының 9,2%-ын 2,89 миллиард долларға сатып алып, компанияның ең ірі акционері атанды. Талқылау өткен аптаның соңында, Маск компания акционерлерін өзі ұсынған мәміленің қаржылық мәселелерімен бөлісе отырып, өз жағына шақырғаннан кейін жылдамдады.

Акционерлердің қысымымен Twitter бір акция үшін 54,20 доллар ұсынған Маскпен келіссөзді бастады. Қазіргі мәміле Масктың желіні сатып алу туралы хабарлаған бастапқы уақытына қарағанда 40% жоғары бағамен жасалатын болады.

«Твиттер» қалай өзгереді?

Илон Маск жарияланған мазмұнның шектеулерін жеңілдетуден бастап жалған аккаунттарды жоюға дейін бірнеше өзгеріс ұсынды.

«Сөз бостандығы – демократияның жұмыс істеуінің негізі, ал Твиттер – бұл адамзат үшін өмірлік маңызы бар мәселелерді талқылайтын сандық қала алаңы», - деп мәлімдеді Илон Маск.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Илон Маск #Twitter