ДДҰ коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялаудан бас тартты

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирустан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Төтенше жағдайлар комитеті Қытайда пайда болған жаңа 2019-nCoV коронавирусына байланысты халықаралық төтенше жағдай режимін енгізуден бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Комитет басшысы Дидье Уссэн мұндай қадамға баратын уақыт келмегенін айтты. Сондай-ақ ТЖ туралы ұсыныс ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесусқа жіберілгенін жеткізді. Гебрейесус ДДҰ халықаралық төтенше жағдай жарияламайтынын ресми түрде мәлімдеді. Сонымен қатар ол Қытайға баруға шектеу қоюға қажеттілік жоқ екенін айтты.

Айта кету керек, 23 қаңтардағы жағдай бойынша Қытайда коронавирустан 18 адам қаза тапты. Вирус жұқтырғандар саны - 644.