ҰҚК Тараздағы атысқа қатысты түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға биыл қаңтардың 6-сы күні болған

фото www.gov.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желіде таралған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлеуметтік желілерде таралған қарулы адамдардың атысы бейнекадрлары 2022 жылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында орын алған, онда саны 350-ге дейінгі топ атыс қаруын қолдана отырып, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алғысы келген», делінген хабарламада.

Қорғаныс барысында атыс жарақатынан Департаменттің Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Дастан Әділбай қаза тапты.

Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Естеріңізге саламыз, жақында ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram желісінде атыстың видеосын жариялаған болатын.