$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда өткен этнофестивальде 10 би ұжымы өнер көрсетті

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты

Нұр-Сұлтанда өткен этнофестивальде 10 би ұжымы өнер көрсетті

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА би этнофестивалін өткізді, оған қаланың 10-ға жуық ұжымы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара «Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетінде өтті. Оған өзбек, қырғыз, неміс, армян, корей, украин, поляк, шешен-ингуш және қарақалпақ этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Шығармашылық ұжымдар көрермендерге қазіргі заманғы бидің түрлі бағытын ұсынды.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, этнофестивальдің негізгі мақсаты – қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жас таланттарды анықтау, балалардың би шығармашылығын қолдау және дамыту, сондай-ақ еліміздегі жалпыұлттық бірлік пен келісімді қолдау.

«Барлық қатысушылар мен көрермендерді Халық биі фестивалі сияқты тамаша мерекемен құттықтағым келеді. Бүгін сахнада 10 ұжым өнер көрсетті, олардың көп болғанын, басқа халықтардың мәдениетімен жиі танысқанын қалаймын. Бұл –  біздерді біріктіреді», - дейді «Вайнах» ансамблінің көркемдік жетекшісі Ханифа Мациева.

Фестиваль қатысушылары алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары