Елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды коронавирусқа қарсы «Pfizer» препаратымен егу жалғасуда
Қазақстанда 816 мыңнан астам жасөспірімге коронавирусқа қарсы вакцина салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
23 сәуірдегі мәліметке сәйкес, вакцинаның І дозасын 1 043 509 адам, ІІ дозасын 894 528 адам салдырды.
Оның ішінде, І компонентімен егілді:
- жасөспірім – 816 369,
- жүкті әйел – 37 771,
- бала емізетін әйел – 135 030.
ІІ компонентімен егілді:
- жасөспірім – 739 445,
- жүкті әйел – 32 409,
- бала емізетін әйел – 117 429.