Ақмола облысында «Qnet» басшыларына қатысты қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Айыпталушылардың бірі үйқамаққа алынды

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында «Qnet» халықаралық қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті «Qnet» халықаралық қаржы пирамидасы компаниясының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл ұйым ҚР аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметпен айналыспайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялары, рұқсаттары жоқ. Іс бойынша айыпталушылардың біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - делінген агенттік хабарламасында.