Биыл Түркістан облысында 41 мың тұрғын газбен қамтылады

Автор: Azattyq Rýhy

2021 жылы газ инфрақұрылымының 5 жобасы аяқталды

Фото: gov.kz

Түркістан облысын газдандыру деңгейі 67,2%-ды құрайды немесе шамамен 1,4 млн.адам газға қол жеткізе алады. Бұл туралы Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов  мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылы газ инфрақұрылымының 5 жобасы аяқталды, бұл 7 елдімекенді немесе шамамен 8 мың адамды көгілдір отынға қол жеткізумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, 2022 жылы газ инфрақұрылымының 24 жобасын аяқтау жоспарлануда, соның нәтижесінде 31 елдімекен немесе 41 мыңнан астам адам газбен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар, ведомство басшысы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірлескен жұмысының қорытындысы бойынша бүгінде 231 объекті пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне беру бойынша Үкіметтің бірқатар қаулысы қабылданғанын атап өтті, 21 объектіні беру бойынша шаралар қабылдануда, қалғандары бойынша құжаттаманы сәйкес келтіру бойынша жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бұған қоса, 78 елдімекендегі объектілер бойынша облыс әкімдігі мен Қазақгаз объектілердің техникалық жағдайын сәйкестендіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізгеннен кейін бүгінгі таңда 66 елді мекен газға қосылды, қосымша 7 елдімекенді қосу жоспарлануда, 5 елдімекенді газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде», - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.