«Канеломен» жұдырықтасу үшін Головкинге белбеуден бас тарту керек болады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль «Канело» Альвареспен (57-1-2, 39 КО) екінші орта салмақта жұдырықтасатын болса орта дивизиондағы IBF титулынан айырылады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Менеджер әрі комментатор Бен Дэймон өзінің Twitter желісінде оқиға қалай өрбитінін суреттеп берді.
«Канеломен» жұдырықтасу үшін Головкинге белбеуден бас тарту керек болады. Ал бос қалған титул үшін 1 (Фалькао) мен 2 (Зерафа) айқасады», - деп жазыпты Дэймон.
IBF ұйымының ережелері қатаң: Головкин салмақ ауыстырса, жаңа дивизионда топ-5 тізімге кіреді, алайда, белбеуді алып қояды.