Бүгінде бұл жол Ресейге апаратын транзиттік дәліз болып отыр
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Үкіметінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында облыстағы Ресеймен шекараға дейін жететін бағыттардың бірін аралап көрді.
«Әлихан Смайылов барған алғашқы нысан 94 мың тұрғыны бар 50 елдімекенді қосатын Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы автожолының учаскесі болды. Жол Қарашығанақ кен орнына дейін жетеді», - делінген ақпаратта.
Бүгінде бұл жол Ресей Федерациясына транзиттік дәліз болып отыр.
«Қазіргі уақытта трассаның жағдайы қанағаттанарлықсыз, аталған трассадан тәулік сайын Қазақстан мен басқа да елдердің ондаған мың азаматы өтеді», - делінген хабарламада.