Қытай коронавирусты жұқтырған адамды емдеудің жолын тапты – БАҚ

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер коронавирусты жұқтырып ауыр халде жатқан 53 жастағы ер адамды аман алып қалды

Фото: ашық дереккөзден

Қытай дәрігерлері пневмонияның 2019-nCoV коронавирусынан туындаған жаңа түрін емдеудің жолын тапты, деп хабарлады Sina.

Дәрігерлер коронавирусқа шалдығып ауыр халде жатқан 53 жастағы ер адамды аман алып қалды. Науқастың жағдайы қазіргі уақытта жақсарып келеді. Аталған әдіс арқылы қан оттегімен қанықтырылады екен.

Жаңа әдіс Ухань қаласында орналасқан Чжуннань ауруханасында сәтті қолданылды. Дәрігерлердің айтуынша, көп ұзамай ер адам карантиннен босатылуы мүмкін.

Дереккөз: Хабар 24