Тоқаев «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезін шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы хабарлады

Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.

Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда», - деп жазды Асхат Оралов.