Президент бірнеше шенеунікті тағайындады

Azattyq Rýhy

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Президент бірнеше шенеунікті тағайындады
Фото: dalanews.kz

Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Жәнібек Абдуләкімұлы Иманалиев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.