Ол Байзақ ауданындағы жарылысқа қатысты іс бойынша күдікті деп танылды
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«19 сәуірде прокуратурамен келісім бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген министрлік таратқан хабарламада.