Елордада мемлекетке 6 млрд теңгеден астам сомаға залал келтіргендер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

 

Олар қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған

Фото ашық дереккөзден

Елордада қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұсталған адамдар тобы өздерінің іс-әрекетімен мемлекетке 6 миллиард теңгеден астам сомада залал келтірген. Олар заңды рәсімдерді айналып өтіп қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысып, қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарлар іс жүзінде тиеп-жөнелтілмей бақылаудағы 35 кәсіпорыннан жалған шот-фактуралар жазып берген.

Сот барлық алты кінәліні нақты мерзімге бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Барлық айыпталушылар 10 жыл мерзімге кәсіпкерлік қызметте басшылық лауазым атқару құқығынан айырылды. Төленбеген салықтар камералдық бақылау мен салықтық аудит шеңберінде контрагенттерден толық көлемде өндіріп алынады.