Алматыда нысандарға бомба қойылғаны жөнінде жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір белгісіз адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр

Фото: baq.kz

Алматыда әуежай мен сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Қазіргі уақытта жарылғыш зат туралы хабарлаған белгісіз адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алматы қаласының полиция департаменті жарылғыш зат қойғаны туралы жалған ақпарат таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді», - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.