Жаңбыр соңы қарға ұласады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады

 

Көрнекі сурет

Синоптиктер 21-23 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдағы үш күнде еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендейді,

«Биыл көктем ұзақ уақыт бойы солтүстік аймақ тұрғындарын жылы ауа райымен қуантты. Алайда 22 сәуірден бастап, елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны келе бастайды, ол өзімен бірге таза арктикалық ауаны алып келеді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Осылайша, жаңбыр соңы қарға ұласып, ауа температурасы түнде 3-8 градус аязға дейін төмендейді.

Елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр жауып, шығыста тіптен қарға айналады.

Дегенмен, оңтүстік өңірлер үшін ауа райы әлі де қолайлы болып қала береді. Оған оңтүстік ауа массалары ықпал етеді. Сондықтан бұл аймақтарда найзағай ойнап, қысқамерзімді жаңбыр жауса да, жоғары температура сақталатын болады.