Қазақстан қор нарығында доллар бағамы тағы құлдырады

Автор: Azattyq Rýhy

Доллардың орташа бағамы шамамен 10 теңгеге төмендеді

 

Фото: biss.kz

Бүгін қор нарығында доллар бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

19 сәуір күнгі таңғы уақыт бойынша доллардың орташа бағамы шамамен 10 теңгеге төмендеп, 449,30 теңгені құрады.

Kurs.kz хабарлағандай, Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар шамамен 442-444 теңгеден сатып алынып, 449-450 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында доллар 450 теңгеге сатылып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда 449 теңгеге түсті. Шымкентте 450 теңгеден сатылып жатыр.   

«Көк қағаз» құны сондай-ақ Талдықорған мен Риддерде 452 теңгеден, Ақтөбеде – 449, Қостанайда 449,5 теңгеден сатылып жатыр.