$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада мас жолаушы автобус терезелерін сындырып тастады

Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды

Астанада мас жолаушы автобус терезелерін сындырып тастады
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда автобусқа отырған ер адам жолаушылардың зәресін ұшырды. Оның әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Тәртіп бұзушы автобустың алдынғы жағында отырған. Сосын аяқ астынан қауіпсіздік балғасын жұлып алып, терезелерді сындыра бастады. Видеодан есікті теуіп жатқаны да анық көрініп тұр.

CTS компаниясының ресми өкілі Науат Азанбаеваның айтуынша, бұл оқиға 17 сәуірде 7 бағытта жүретін аэлектробаста болған.

"Мас жолаушы автобус терезелерін сындырған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші полицияны шақырып, тәртіп сақшылары келгенше тәртіп бұзушыны ұстап отырған", - дейді Азанбаева.

Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Ал бір автобустың уақытша істен шығуына байланысты астаналықтардың осы бағытта қоғамдық көлікті күту уақыты ұзарады.

 

Серіктес жаңалықтары