Алматыдан Нұр-Сұлтанға бір кило есірткі жеткізген күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Есірткінің «қара» нарықтағы құны 25 млн теңгені құрайды

Фото: Mir24.tv

Қарағанды тас жолында кезекшілік еткен полицейлер оғаш жүрісімен көзге түскен ер адамды тоқтатып, орман алқабында неліктен жүргенін сұрады. Ол зираттан келе жатқанын айтқанмен сөйлеген сөзінен алаңдаушылық байқалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Астана - Что? Где? Когда?» Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары оның телефонындағы суреттерді пайдаланып, аумақты мұқият аралап шықты. Нәтижесінде ағаштың түбінде жасырылған зат табылды. Анықтай келе пакетте 1,25 килограмнан астам синтетикалық есірткі салынған «Мефедрон» және «Альфа-РVР» табылды.

Ұсталған азаматтың «синтетиканы» Алматыдан елордаға жеткізгені және оларды елордада өткізуді жоспарлағаны белгілі болды.

Тәркіленген есірткі құралдарының саны 6 мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды. Ал олардың «қара» нарықтағы құны 25 млн теңгені құрайды.